Мәжілісте үш партияның фракциясы тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалық етуімен Парламент Мәжілісі бюросының алтыншы шақыртуының бірінші отырысы өтті.

«Мәжіліс бюросы «Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚКХП саяси партияларының парламенттік фракциясын тіркеді. Бюро отырысында палата вице-спикерлері Гүлмира Ісімбаева мен Владимир Божко арасындағы міндеттерді бөлу мәселесі қаралды», - делінген Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар осы қаулымен Мәжіліс аппаратының басшысы болып Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары болған Жүгінісов Жасұлан Есенғалиұлы тағайындалды.