Бұл шара балаларды қорғау күніне және Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуының 20 жылдығына орай өткізіледі.
Конференция жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Еуропа Кеңесітің, Норвегия Королдігінің елшілігінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Еуропалық елдер үкіметтерінің өкілдері және балалардың құқығын қорғау саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Конференцияның мақсаты - Қазақстанда тең мүмкіндікті қамтамасыз ету бағытында балалардың құқығын қорғау жүйесін дамытуда ведомствоаралық стратегиялық бағытты анықтау.