Мәжілісте жалпы отырыстың күн тәртібі бекітілді
15:53, 21 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар қарауына Қазақстан мен Ресей елдерінің Үкіметтері арасындағы «Туймазы - Омбы - Новосибирск-2» және «Омбы - Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялауға байланысты заң жобасы талқыланбақ.
Сондай-ақ, «Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы ұсынылады.
Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заң жобасын жұмысқа алу көзделген.