17:35, 13 Сәуір 2009
Мәжілісте жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мәселелері талқыға салынады
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, сәуірдің 14-інде Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл басқосу «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын бірінші оқылымда талқылауға арналып отыр.