Соңғы үш Олимпиадада жүлдегер атанған Рыпакова елдегі жеңіл атлетиканың қазіргі ахуалымен, сондай-ақ алға қойған мақсаттарымен бөлісті.
- Ольга, елімізде жеңіл атлетикаға деген қызығушылық тиісті деңгейде емес. Бұған не дейсіз?
- Қазіргі таңда халықтың көзқарасы өзгерді. Ақырындап жеңіл атлетика да танымал спорт түрлерінің қатарына қосылып келеді. Алдағы уақытта жоғары нәтиже көрсету арқылы жеңіл атлетиканың Қазақстандағы беделін одан ары арттырамын деп сенемін.
- Токиодағы Олимпиада ойындарынан отандастарыңыз өзіңіз айтқан жоғары нәтижені күтеді. Дайындық қалай болып жатыр?
- Күн-түн демей жаттығып жатырмын. Дайындық жұмыстары жаман емес.
- Олимпиададан кейін, мансабыңызды аяқтағаннан кейін немен айналысу ойда бар?
- Әзірге ол туралы ойламаппын. Барлығын уақыттың еншісіне қалдырдым.
- Сәпиев секілді Парламент Мәжілісінің депутаты болғыңыз келмей ме?
- Шынымды айтсам, Мәжілісте жұмыс істегім келмейді. Өзімді билік жүйесінен көрмеймін.
Авторы Мұхтар Жәмішжанов