Мәжілісте жұмыспен қамту бағдарламасына арналған Үкімет сағаты өтеді

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 16 мамыр, дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағатының тақырыбы негізінен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына арналатыны жоспарланған.

Бұл туралы ҚазАқпарат Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар Үкімет сағатында министр жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша депутаттар тарапынан туындаған сауалдарға жауап беретін болады.