Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жиналысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралады
Бүгін, 27 ақпанда сағат 14.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі сараланатын кеңейтілген жиналысы өтеді.
Отырысқа Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Үкімет Кеңсесінің өкілдері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысады деп күтілуде.
Негізгі мәселе бойынша Үкімет басшысы К. Мәсімовтің баяндама жасауы жоспарланып отыр
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко, Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев, Қаржы министрі Болат Жәмішев қосымша баяндамалар жасайды.
Жиналыс қорытындысында Үкімет жасақтаған заң жобасы бойынша Фракцияның шешімі қабылданатын болады.