«Нұр Отан» партиясының фракциясы Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім әсіресе, қазіргідей аса күрделі әлемдік экономикалық және геосаяси жағдайда қиын, алайда Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызы бар шешім деп санайды. Біріншіден, қазіргі Парламент Президенттің бес институттық реформасын бастауға қажетті заңнамамен толық қамтамасыз етіп, өзінің тарихи миссиясын орындады. Қазір оларды нақты іс жүзіне асыру кезеңі басталды. Бұл ретте Қазақстан халқының елімізді ауқымды жаңғырту мен дағдарысқа қарсы тиімді саясатты заңнамалық қамтамасыз етуде қай партияларға жаңа сенім мандатын беретінін айқындауы айрықша маңызды. Сондықтан да, біз ағымдағы жылдың соңында өз өкілеттігіміздің мерзімі аяқталуын күте алмаймыз және Мәжілісті таратып, Парламентпен барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа сайлауын тағайындау жөнінде бастама көтереміз», деді Н. Әбдіров.
Оның айтуынша, бұл қадам - уақытты ұттырмай іс жүзінде тұтас бір жылды жоғалтпай дағдарысқа қарсы шаралар мен мемелкеттің қуатын арттыру жөніндегі жаңа реформаларды жүзеге асыруға қазірден бастап кірісуге мүмкіндік береді.