Мәжілістегі Үкімет сағаты мұнай және газ саласына арналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 7 сәуір күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Онда «Мұнай-газ саласының 2013 жылғы атқарған жұмыс қорытындысы және орта мерзімді міндеттер» тақырыбы талқыланады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағатында депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр халық қалаулылары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.