Мәжілістегі Үкімет сағатында көлік инфрақұрылымы мәселелері талқыланады
11:25, 29 Наурыз 2013
АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 1 сәуір күні Парламент Мәжілісінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағаты өтеді.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Үкімет сағаты аясында депутаттар алдында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасайды деп күтіледі. Сонымен қатар, министр салаға қатысты халық қалаулыларының сұрақтарына жауап беретін болады.