Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Е.Қожағапанов баяндама жасайды
16:05, 18 Қазан 2013
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні, 21 қазанда Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы» тақырыбында парламентшілер алдында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов баяндама жасайды.