Бұл күні парламентшілер Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің негізгі бағыттарын талқыға салады.
Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов баяндама жасайды. Ол агенттіктің негізгі бағыттары туралы мәліметтерді жария етеді деп күтілуде.
Үкімет сағатында тарифтік саясаттағы стратегиялық бағыттар: реттелетін секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, энергия сақтау мен ресурс сақтау міндеттерін шешу мәселелері жан-жақты көрініс табады.
Сонымен қатар баяндамашы өзі жетекшілік жасайтын агенттіктің атқарып келе жатқан негізгі іс-шаралары, алдағы жоспарлары төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.