Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті көшпелі отырыста ветеринария қызметі жайын талқыламақ
«ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қарасты Қазақ Ветеринария ғылыми-зерттеу институтының базасында өтетін шараның тақырыбы: «Қазақстан Республикасында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары». Бұл туралы «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарланды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгроИнновация» АҚ бірлесіп ұйымдастыратын шараға Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері - депутаттар, министрлік пен оның еншілес ұйымдарының және ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдері, сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, ветеринария қызметінің, агроөнеркәсіп субъектілерінің мамандары, ғалымдар қатыспақ.
Шараның мақсаты - Қазақстанда ветеринариялық қауіпсіздікті және ветеринариялық қызметті дамыту стратегиясын қамтамасыз ету саласында іске асырылып отырған саясатты талқылау.