деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаттары өз әріптестеріне және Сенат депутаттарына, республикалық деңгейдегі барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлеріне Үндеу жолдап, бір күндік еңбекақыларын апат зардаптарын жоюға арналған қорға аударуға шақырды.
«Көп тілегі - көл» деген. Осы Үндеуге алғашқы болып қол қойған депутаттар Динар Нөкетаева, Гүлжан Қарағұсова, Айткүл Самақова, Зағипа Балиева, Людмила Хочиева, Гүлмира Исімбаева, Сәт Тоқпақбаев, Үсенгелді Медеуов, Керімжан Бижанов, Ермұханбет Омаров, Тұрарбек Асанов, Рамазан Сәрпеков, Нұртай Сабильянов және Уәлихан Қалижан әрқайсысы 100 мың теңгеден ашылған арнаулы есепшотқа ақша аударды.
Айта кету керек, Қызылағаштағы су қоймасының апатына байланысты Елбасы кеңес өткізіп, Үкімет алдына нақты тапсырмалар берді. Зардап шегушілерге қаржылай, материалдық, медициналық көмек беру, барлық су қоймаларының жағдайын тексеріп, шұғыл шаралар қабылдауды міндеттеді.
Қызылағаш ауылындағы 465 үйдің 146-сын су шайып, 251 үй тұруға келмейтін жағдайда. Ал 42 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.
Әріптестерінің тілегін жеткізген Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан қиындыққа душар болған бауырларға көмек қолын созуға шақырды.
(Банк есепшоты - Қазақстанның Халық банкі АҚ Талдықорған аймақтық филиалы:
ИИК: 002700125 kzt
БИК банка: 194101601
РНН: 530200007643
Кбе: 18)