Мәжілістің бюро отырысында палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібі жобасы нақтыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы хаттама ратификациялауға шығарылады.

Күн тәртібінің жобасына бірінші оқылымға «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді.

Сонымен қатар осы жалпы отырыста Мәжіліс «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.