«Мәжілістің сайлауына байланысты Сенат алдында жауапты міндеттер тұр. Өйткені, Конституцияның 55-бабына сәйкес, Парламенттің барлық заң шығару қызметі Сенатқа жүктелген. Бұл біз үшін үлкен жауапукершілік. Осынау сындарлы сәтте Сенат өзінің мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлін абыроймен атқарып, келіп түскен заң жобаларын мұқият қарастыруды қамтуымыз керек», - деді Қ. Мәми.
Спикердің айтуынша, қазір Сенаттың қарауында 55 заң жобасы болса, соның 15-і Мәжіліс таратылғанға дейін Сенат комитеттерінің талқысына шыққан. Ал 40-қа жуық заң жобалары Мәжілістің талқылауында болған.
«Біз осы уақытта ешқандай да науқаншылдыққа жол бермеуге тиіспіз. Барлық жоспар регламентке сәйкес, жоспарлы түрде өтуі шарт», - деді Қ. Мәми.