Мәжілістің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Әділет» партиясы да өз үміткерлерін ұсынды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Әділет» партиясының өкілдері үміткерлерін ұсынды.

Бүгін аталмыш партия өкілдері Орталық сайлау комиссиясына келіп өздерінің үміткерлерін тіркетті.

Осылайша ел Парламентінен өздерінің өкілдерін көргісі келетін саяси партиялар саны 5-ке жетті. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысатындықтарын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы және «Патриоттар партиясы» білдірген болатын. Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясына өз үміткерлерін ұсыну үшін «Руханият» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері де келді.