Бұл туралы аталмыш Палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.
Комитеттердің талқылауына Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауы өзек болды.
Бүгінде комитеттер қоржынында Үкіметтен келген бірқатар заң жобасы бар. Олардың арасында Қазақстанда мемлекеттілікті нығайтуға, Кеден одағын дамытуға қатысты құжаттар бар. Тағы бір бөлігі әртүрлі салада нарықтық экономиканы жетілдіруге бағытталған.
Комитеттер өздерінің алғашқы отырысында аталған заң жобаларды талқылап, депутаттарды нақты заң жобасының жұмыс топтарына жетекшілікке бекітті.
Бірқатар комитеттерде кейбір құжаттардың маңызына байланысты ертең өтетін Мәжілістің жалпы отырысында баяндалатыны қарастырылды.