Кеше түстен кейін аттанған комитет мүшелері іссапар барысында әскери бөлімнің, кеден бекеттерінің қызметімен, Мемлекеттік шекараны жайластыру ісімен танысады. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу мақсатында өңір және аудандар басшыларымен кездесулер өтетіні көзделген.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік деңгейін, сондай-ақ қызмет өтеудің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысу үшін жекелеген әскери бөлімдердің жетекшілерімен және де Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен, азаматтық қызметшілерімен кездесу өтетіні жоспарланған.
Парламентшілер «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы құрылысының барысымен танысу мақсатында аталған кентке барады.
Комитеттің көшпелі отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымның төртінші сессиясына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр.