Онда салалық комитеттердің ұсыныстары бойынша алдағы аптада өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі қалыптастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламентшілер бірқатар үкіметтік заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдерін анықтайтын болады.
Палатаның күн тәртібі жобасына спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін қайта жаңғыртуға қатысты заң жобалары ұсынылып отыр.
Сол секілді «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер де Мәжілістің талқысына шығарылатын болды.
Бюро отырысында Мәжіліс депутаттарының Варшава қаласында қыркүйектің 29-30-ы күндері өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) адам өлшемі саласындағы міндеттемелерді орындау бойынша жыл сайынғы кеңесі отырысының жұмысына қатысу туралы мәселе қаралды.
Отырыста Палатаның заң шығару қызметіне қатысты және басқа да мәселелер талқыланды.