Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны мен атауы бекітілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның тұрақты комитеттерінің саны мен атауы бекітілді.

«Келесі мәселе ҚР Парламенті Мәжілісінің тұрақты комитеттері мен атауы туралы. ҚР Конституциясы 60 бабы 1 тармағына сәйкес Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны 7-ден аспауы керек. 5-ші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінде мынадай 7 тұрақты комитет жұмыс істеді. Олар: Аграрлық мәселелер комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қаржы және бюджет комитеті, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті, Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті», - деген Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов депутат Майра Айсинаға сөз берді.

Ол өз кезегінде 5-ші шақырылған Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны мен атауын сол қалпында қалдыруды ұсынды. Төраға бұл ұсынысты дауысқа салғаннан дейін депутаттар оны толық қолдады.