Онда бірнеше заң жобасы қаралып, комитеттің шешімі шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Комитет отырысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.
Сонымен бірге «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобалары күн тәртібіне енгізіліп отыр.
Осы заң жобалары туралы түсінік беру үшін Әділет, Ішкі істер, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлерінің орынбасарлары шақырылып отыр.