деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл заң жобасы авиация қызметін тиісінше құқықтық реттеуді іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар осы жаңа заң жобасын әзірлеу еуропалық авиациялық талаптарды (JAR), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қарарын енгізу, азаматтық авиацияның әуе кемелеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмаудың тиімді жүйесін құру қажеттігімен негізделген.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты - құқықтық кемшіліктерді жою, авиация қызметін жетілдіру мәселелеріне байланысты қатынастарды реттеу, азаматтық авиация саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық құқықпен сәйкес келтіру.