деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар бірінші кезекте Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесін қарайды.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулер қаралмақшы.
Осы күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынбақшы.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкіне мүше елдерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберіндегі қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.