Атап айтқанда, ҚР Орталық сайлау комиссиясы республика Конститутциясының 52-бабына, ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 24-бабының 2,3 және 8 тармақтарына сәйкес, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ректоры лауазымына тағайындалуына байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Бейсеновтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді.
Өз кезегінде Парламент депутаттары аталған шешімді қабылдады. «Қ. Бейсенов Мәжілісте 4 жыл қызмет етті. Білікті, білімді, ұстанымды депутаттардың бірі. Біздің қатарымызда қажырлы еңбек еткені үшін алғысымызды білдіреміз»,-деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов.