Депутаттардың қарауына бірінші оқылымға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін жаңалықтар шығарылады. Ал, Палатаға екінші оқылымға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.
Жалпы отырысқа ратификацияланатын бірқатар заң жобалары талқылауға ұсынды. Олар: 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы Конвенция; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы Келісім; 1999 жылғы 3 желтоқсанда, Пекинде қабылданған Озон жөніндегі Монреаль Хаттамасы; Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» су торабын салу туралы Келісімдер бар.
«Жол жүрісі туралы» заң жобасына Сенаттың түзетулері де күн тәртібінің жобасына қосылып отыр.