деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар бірінші кезекте лауазым иелеріне сауалдар жолдайды деп күтілуде.
Жалпы отырыста «Босқындар туралы» және соған сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобалары бірінші оқылымда талқыға салынады. Сонымен қатар, заңдарға қазақстандық қамту, мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша түзету енгізілетін жобалар да депутаттар талқысына ұсынылатын болды.
Сол секілді күн тәртібі жобасына «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің еңбекші-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және басқа да заң жобалары енгізіліп отыр.