Осыған орай Алматыда М. Сапарғалиұлы бүкіл шығармашлық қызметін арнаған «Когда душа не может молчать» деп аталатын деректі фильм көрсетілді. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы 2011 жылы түсірген бұл фильмнің тұсаукесері қараша айында Кино үйінде өткен еді.
Кино саңлағының өмірі мен шығармашылық қызметі баяндалатын бұл туындыда Клара Лучко, Инна Макарова, Андрей Кончаловский, Наталья Арынбасарова сияқты өнер қайраткерлері естелік айтады. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері туралы «Мажит Бегалин» деп аталатын алғашқы деректі фильм 1981 жылы түсірілген болатын.
18:03, 22 Ақпан 2012
Мәжит Бегалиннің туғанына 90 жыл толды
АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін әйгілі кино режиссері, сценарист, актер Мәжит Бегалиннің туғанына 90 жыл толды.