«Аталған заң жобасы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру үшін әзірленді. Заң жобасы «Инновациялық технологиялар паркі» кластерлік қорын және Astana Hub технопаркін біріктіруге, сондай-ақ оның қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық алаң құруға, венчурлық қорларды қаржыландыру кезінде конкурстық іріктеуді әрі тиімділікті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бұрын Astana Hub технопаркі Инновациялық технологиялар паркімен біріктірілетіні хабарланған еді.