Мәжіліс аумақтық қорғаныс туралы заңды қабылдады

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс «Аумақтық қорғаныс туралы» Заң мен осы құжатқа ілеспе заңды қабылдады.

Заңды таныстырған депутат Максим Рожин аталған заң елдің қорғаныс жүйесіне «ерікті» және «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» ұғымдарын енгізетінін айтты. 

— Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтары үшін соғыс уақытында өзін-өзі қорғау құралымдарына еріктілер ретінде кіру мүмкіндігі көзделеді, — деді депутат.

Заңды қабылдаудағы мақсат — елдің қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың, аумақтық қорғаныс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде әрі соғыс уақытында қорғау.

Бұған дейін аумақтық қорғаныс әскері қазақстандықтарды кімнен қорғайтынын жазған едік.