Мәжіліс депутаты зейнетақы ануитетіне қатысты заңдағы өзгерістерді түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы ануитетіне қатысты заңға қатысты өзгерістерді түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің Telegram парақшасында жазды.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

-Кеше қабылданған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді. Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді,-деді депутат.

Оның сөзінше, енді біз бұл ереже өзгерді. Отбасыларға таңдау беріліп отыр. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында.

-Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлы әрі икемді еттік,-деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осыған жейін Еңбек министрліг жеткілікті шекті көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталғанын айтқан болатын.