Мәжіліс депутаты жасанды интеллектіге үлкен сенім артуға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік органдарда жасанды интеллектіні енгізу және реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жасанды интеллектіге сенім артуы тиіс.
- Барлық жерде қауіпті. Біз тіпті адамдарға сендік, ал олар бюджет қаражатын жымқырды. Енді жасанды интеллектіден қорқуымыз керек пе? Біз адамдарға аз сеніп, жасанды интеллектіге сенімімізді арттыра түсуіміз қажет, - деді Бақытжан Базарбек.
Депутат цифрландыруда жүйелі әдістердің қажет екендігіне сенімді. Сонымен қатар оның атап өтуінше, цифрландыру алгоритмі мен технологиясы мемлекеттік ресурстарды басқару барысында адами факторларды қысқарта алады.
Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде жабылды.