Мәжіліс депутаттары мешіт аумағына 350 түп ағаш отырғызды

АСТАНА. KAZINFORM - Мәжіліс депутаттары мен палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды. 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтіп жатыр.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бұған дейін Сенаторлар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқанын жазған болатынбыз. 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі