Осы құжат 2023 жылғы 13 қыркүйекте Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған еді.
Құжат экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ үшін реттеушілік режимді қалыптастыру бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Заң экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар:
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретін нақтылауға;
- «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» ұғымын нақтылауға бағытталған негізгі түзетулерді енгізді.
Бұдан басқа, депутаттар жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.