Мәжіліс еліміздің Цифрлық кодексін қабылдады

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжілісті жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі мен оған ілеспе екі құжат қабылданып, Сенат қарауына жіберілді. 

Кодекс жобасы адам мүдделерінің басымдығына; цифрлық ортада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген цифрлық жазбаларды іздеу, қалыптастыру және беру еркіндігіне; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген мемлекеттік цифрлық ресурстар мен жүйелерге қол жеткізу еркіндігіне; жеке және қоғамдық мүдделердің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және заң техникасының талаптарына сәйкес келтіру бойынша түзетулер, сондай-ақ жекелеген нақтылаушы нормалар мен заң жобасының мазмұнын жақсартатын нормалар енгізілді.

— Бүгінде Қазақстан цифрландыру саласындағы бірқатар халықаралық бастаманы қолдайды және олардың бастамашысы саналады. Кодекстің ережелері адам құқықтарын қорғаудың және цифрлық ортаны реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, бұл ретте елдің цифрлық дамуды құқықтық реттеуге егеменді көзқарасын көрсетеді. Заң жобасы кең қоғамдық талқылаудан өтті. Жоба жұмысына жүзден астам заңгер ғалымдар, азаматтық құқық саласындағы сарапшылар, бизнес өкілдері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары қатысты. Біз жобаны талқылау үшін ашық ресурстардан мыңнан астам ұсыныстар алдық. Жұмыс көлемі мен қарқыны өте жоғары болды, — деді құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева. 

Айта кетелік бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ел тұрғындары мемлекеттік органдарға қандай мәселелермен жиі жүгінетінін айтты