Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге жұмыс сапарымен барады
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады деп жоспарлануда.
«2024 жылғы 3-5 наурыз аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясына, атап айтқанда Мәскеу және Қазан қалаларына ресми сапары жоспарлануда», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингіде.
Оның айтуынша, сапар барысында Мәскеуде Ресей Федерациясы мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен, федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.
Сондай-ақ Қазанда Татарстан Республикасының раисы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен екіжақты кездесу жоспарланған.
«Одан бөлек, сапар аясында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», - дейді ол.