Мәжіліс төрағасы ТүркПА отырысына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 6 маусымда Баку қаласында (Әзербайжан) «Түркі әлемі үшін жасыл көкжиектер: парламенттердің жасыл күн тәртібіне қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) 13-ші пленарлық отырысы өтеді.

Фото: GOV.KZ

«Іс-шараға Қазақстаннан Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған парламенттік делегация қатысады», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктегі апталық баспасөз мәслихатында.

Отырыс қорытындысы бойынша Баку декларациясын және ТүркПА-ның басқа да бірқатар құжаттары мен есептерін қабылдау жоспарланған.