Мәжіліс ҰҚШҰ жарғысына биологиялық қауіпсіздік бойынша өзгеріс енгізуге келісті

Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: ҰҚШҰ ресми сайты

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, аталған Төртінші хаттама Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жарғысының 8 және 17-баптарына екі толықтыру енгізуді көздейді. Бірінші толықтыру ұйымға мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бөлігінде қызметінің бағытын кеңейтеді. Екінші толықтыру рәсімдік сипатқа ие және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша Бас хатшының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды көздейді.

Мәжіліс депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.