Мәжіліс ветеринария мамандарын әлеуметтік қолдауға 22 млрд теңге бөлмек

АСТАНА. KAZINFORM – Ветеринария саласындағы мамандардың мәртебесін көтеріп, олардың заңды мүдделерін қорғау үшін елімізде Ветеринариялық палата құрылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов мәлімдеді.

Фото: Kazinform

Депутат Нұржан Әшімбетов халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, саланың мәртебесін нығайтатын жаңа институт туралы айтты.

– Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік орган ретінде Ветеринариялық палата нысанында статуарлық орган құру көзделеді, - деді ол.

Әлеуметтік жеңілдікке келер болсақ, ветеринарларға жыл сайынғы демалыс кезінде екі айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы беріледі.

– Республикалық бюджеттік комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге – 22 млрд теңге, арнайы киіммен қамтамасыз етуге – 1,8 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, - деп түйіндеді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін иттер мен мысықтарды міндетті чиптеу енгізілетінін жазған едік.