«Бүгін бізде маңызды оқиға, цифрлық даму, цифрлық құқық саласындағы маңызды іс-шараны бастағалы отырмыз. Іс-шарамыз сапалы Цифрлық кодес әзірлеуге байланысты біздің алдағы бірлескен жұмысымыздың жоспарына, келешегіне арналып отыр. Ол алдағы уақытта цифрлық саламыздың базалық құжатына айналатын болады», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Іс-шараға қатысқан Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің дерегінше, БҰҰ-ның электронды үкіметтік дамыту жөніндегі индексіне сәйкес, Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіріп отыр. Сонымен қатар аталған индекстің телекоммуникация инфрақұрылымы, адами капитал сынды салаларында да еліміздің ілгері басқаны байқалады. Елімізді цифрландыру саласындағы жетістіктері өзге елдерге де экспортталып жатыр.
«Мемлекет басшысы жасанды интеллект мәселесіне ерекше назар аударып, адами капиталды дамыту, азаматтардың, бизнестің күнделікті өмірінде қолдану бағытында дамыту үшін үлкен тапсырма жүктеді. Келер жылға жасанды интеллектіге қатысты алдымызда үлкен тапсырма тұр. Сіздермен бірге қолға алған Цифрлық кодекспен қатар депутаттардың бастамасымен жасанды интеллект туралы заң жобасын әзірлеуміз қажет», - деді ол.