«Біз картоп иісі аңқыған әтір шығардық», — деп жазды жылдам тамақтану мейрамханасы әлеуметтік желідегі парақашасына. Олар әтірдің хош иісі «Сіздің маңызды кездесуіңізге тамаша үйлеседі» деп сендірді.
Жапониядағы компанияның филиалы әтірді үш нұсқада шығаратынын айтты. Олар: классикалық, кептірілген жапон өрігінің иісі бар және балдыр мен тұз сондай-ақ сарымсақ пен майонез, қара бұрыштың иісі аңқыған әтір болады.
Жарнамаға сенсек, әтірдің құтысы классикалық үлгіде не болмаса фри картобын салатын қағаздан жасалған қорапша тәріздес болуы мүмкін.