McDonalnd's киім шығара бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - McDonalnd's компаниясы алғашқы киім колллекциясын шығарды, деп жазады Росбалт.

Компания киім-кешекпен бірге тұрмыста қолданылатын әртүрлі бұйымдарды да шығарған. Олардың таныстырылымы Стокгольмде өткізіліп, Big Mac онлайн-дүкені арқылы саудаға шықты.

Таныстырылым акциялары бұдан басқа Мадрид, Сидней, Лондон қалаларында да ұйымдастырылды.