150 адамға лайықталған жаңа мешіттің ашылуына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиев, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб муфти Алау Әділбаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Мұқаш Байғарашов, белгілі меценат «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов және алакөлдік иамамдар мен тұрғындар қатысты. Жаңа мешітке Ермек Утбаев имам болып тағайындалып, құран оқыды.
03:44, 26 Қыркүйек 2018
Меценат Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Белгілі меценат, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді. Құлшылық үйі Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.