«Мечел» АҚШ-та көмір өндіруді тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мечел» кен өндіру және металлургиялық компаниясы АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатындағы зауытын уақытша тоқтатты. Бұл туралы компанияның 29 сәуірдегі хабарламасында айтылған, деп хабарлады РБК.

Компания өзінің еншілес құрылымы - «Мечел Блустоун» жұмысын тоқтатады. Оған себеп ретінде «Мечел» қолайсыз нарық жағдайын атады. Көмірдің споттық бағалары 2007 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке құлдырап кетті, делінген баспасөз баянында. Егер көмірге баға қайтадан өсетін болса, көмір өндіру одан әрі жалғасатын болады.

Хабарламада «Мечел Блустоун» шахталары мен разрездерінде өндіру тоқтатылатыны атап өтілген, дегенмен байыту фабрикаларының бөлігі ретінде жұмысын жалғастырмақ.

«Мечел» кен-металлургия саласындағы ең несиелі компания болып отыр. 2013 жылғы желтоқсанда оның таза қарызы 9,4 млрд. долларды құрады.

«Соңғы бірнеше айда «Мечел» акцияларының бағасы бірнеше рет елеулі төмендеді. Атап айтқанда, бұл 2013 жылғы қарашада, 2014 жылғы ақпанның соңында және наурыздың басында болды. Компания акциялары бағаларының төмендеуі оның елеулі қарыздарымен байланысты болса керек.