«Бұл мәселе шешілген. Олимпиадалық команда секілді паралимпиадашылар да алтын медаль үшін 250 мың доллар алады. «Күміс» 150 мың долларға бағаланды, ал үшінші орынмен келген спортшыға 75 мың доллар беріледі. Бұдан тыс, 4, 5 және 6-орындар үшін де тиісінше 30, 10 және 5 мың доллар мөлшерінде сыйақылар беру көзделген. Бұл мәселеде Қазақстан әлемде бірінші орында тұр. Әрине, бұл да спортшыны ынталандыруға қызмет етеді, дегенмен, негізгісі ол емес деп үміттенемін. Отанға деген сүйіспеншілік бәрінен де қымбат», - дейді Крючков.
Еске сала кетейік, Паралимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 2018 жылғы 9-18 наурыз аралығында өтеді. Оған 670 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасына: тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарыстары, хоккей-следж, сноуборд және арбадағы керлинг кіргізілген.
Қазақстан атынан Пхенчханда 7 спортшы бақ сынайды. Шаңғы жарыстары және биатлон бойынша Қайрат Қанафин өзінің гид-спортшысы Антон Ждановичпен жарыс жолына шықса, Александр Герлиц, Сергей Уссольцев, Денис Петренко, Александр Колядин және Жаңыл Жалтабаева - барлығы тек шаңғы жарыстарында өнер көрсетеді.