Медеу Арынбаев осыған дейін екі маусымда қатысушыларға жетекшілік еткен.
Айта кетейік, жуырда «Қазақстан дауысының» жаңа маусымы эфирге шығады. Мамыр айында еліміздің ірі қалаларында арнайы іріктеу кезеңі өтті. Негізінен көрерменді де, қатысушыларды да қызықтырғаны - көрмей тыңдау кезеңі. Адамның бет-әлпетіне, киім үлгісіне, қимыл-әрекетіне де назар салмай, бар ынтаны тек дауысқа беру - ешбір жобада болмаған құбылыс. Қазір кастингтен өткен барша қатысушылар осы көрмей тыңдау кезеңінен өтуде, деп жазады baistars.kz.
Жобаның алғашқы маусымында көрерменнің қолдауымен Нұрлан Албанның тобындағы Шахаризат Сейдахмет, екінші маусымында Алмас Кішкенбаевтың шәкірті Бауыржан Ретбаев жеңіске жеткен еді. Енді бірнеше уақыттан кейін тәлімгерлер мен халық біріге отырып жаңа жеңімпазды анықтауға кіріседі.