деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Табиғат әлемінде" деген тақырып бойынша өткен сайысқа 6 команда қатысты. Онда олар - "Табиғат тамашалары", "Қызыл кітап көкелері", "Ширату" деп аталатын 3 сыннан өтті. Тартысты өткен бұл жарыста №19 мектептің "Мультивитаминдер" командасы чемпионат жеңімпазы атанды. Бірінші орынды бірдей ұпай жинаған "Жапалақ" (№151), "Өжеттің өрендері" (№156) және ""Көңілді жігіттер" (№59) командасы иеленді. Ал №81 мектептің "81 kz" пен №140 мектептің "Мүмкін емес" командалары 2-ші орынды өзара бөлісті.