Оның айтуынша, паркте жүргізілген мониторинг барысында белгілі болғандай 15 нысан бар. Олардың 7-уінің құрылысы тоқтап қалған, 3-уі салынып жатыр. 5 нысан қаңырап бос тұр.
5 нысанның иесінде арнайы рұқсат қағазы жоқ. Сондықтан, аталған нысандар сот арқылы сүрілетін болады.
«Іле Алатауы табиғи паркінде 11 нысан бар. Олардың 2-уінің құрылысы тоқтап қалған. 5-уі салынып жатыр. 4у-і қаңырап бос тұр. Қазір құрылыс жұмыстарының заңдылығы тексеріліп жатыр. әл-Фарабиден жоғары аумаққа келсек, 37 нысан бар. Олардың 14-і тоқтап қалған. 19 салынып жатыр, 4-уі бос. 11 нысанның иесінде рұқсат құжаты жоқ. Шымбұлақта ондай нысан жоқ», - деді Б.Сауранбаев.
Сондай-ақ, «Горное солнце» тұрғын үй кешенін салып жатқан компания үстіңгі 2 қабатты сүруге кірісті. Жақында тау бөктерінде заңсыз салынған мейрамхана сүрілді.
Белгілі болғандай, 2014-2016 жылдары Алматы қалалық сәулет және құрылысты бақылау басқармасы сотқа жіберген істер бойынша сүру туралы 44 шешім шыққан. Олардың 7-уі ғана жүзеге асқаны белгілі болды. Қалған 37 нысан бойынша істер Сот актісін орындау департаментінің құзырында жатыр.