Уақытша қолайсыздықтар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның жүктемені ПС-220/110/10 кВ №131А «Таулы қырат» қосалқы станциясынан ПС-220/110/10-10 кВ №160А «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыруымен байланысты туындап отыр.
«Жүктемені ауыстыруға байланысты шілденің 2-8 аралығында №158А «Медеу жаңа» қосалқы стансасы мен №159А «Шымбулақ» қосалқы стансасын жарықтан өшіре тұру жоспарланып отыр», - деді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ.
Энергетиктердің айтуынша, бұған электр энергиясы жүктемесін 4 110Кв кабельдік желіге әрі 220кв кернеуді 110 кв кернеуге ауыстыру жобасы ықпал етіп отыр.
Мұның алдында «Таулы қырат» қосалқы станциясы орналасқан аумақта лай көшкіні болған жағдайда, қосалқы станцияның қирау және тұтынушылардың электрден жаппай ағытылу қаупі туындауына байланысты іске асырылуда деп жазған болатынбыз.
Аталған реконструкциялық жұмыстарға байланысты «Шымбұлақ» ТШК басшылығы 2-7 маусым аралығында қалалық желілерден берілетін кернеудің тоқтатылып, аспалы жолдың уақытша жабылатынын хабарлады.
Алайда Шымбұлақтағы басқа нысандар штаттық режімде жұмыс жасайды.
«Bella Vista», «Kids Lab» мейрамханалары, «Шымбұлақ» қонақ үйі мен «Сарай-бар» әдеттегідей режімде жұмыс жасайды. Курортқа шатл-бас автобустарымен немесе «Медеу» айдынынан эко таксимен көтерілуге болады», - деді Шымбұлақ ТШК баспасөз қызметі