Енді «Медеу» тау шаңғысы кешенінен «Шымбұлақ» курортына дейін жолаушыларды экологиялық тұрғыдан таза 2 микроавтобус жеткізетін болады.
Әзірге бір бағыттағы жүру құны 200 теңге. Екі апталық тестілеу уақытынан соң Shuttle Bus жүйесінің экономикалық шығыны есептеліп, жол жүрудің соңғы құны анықталады.
Жолаушылар санына қарай жүретін көліктердің санын ұлғайту жоспарда бар.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап «Таu Line» таксомоторлық компаниясының 12 көлігі жұмысқа шығады. Шымбұлаққа 1 адамның таксимен жетуіне 300 теңге кетеді.
Айта кету керек, Медеу-Шымбұлақ маршруты бойынша жұмыс жасайтын көліктердің барлығы отандық өндірістен шыққан. Олардың көпшілігі экологиялық таза отынмен жұмыс істейді. Сондай-ақ, күшейтілген тежегіш жүйесімен жабдықталған.